Волейбол. Қазақстан жартылай финалдан тыс қалды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызВолейболдан әйелдер арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалдық жұптары анықталды.
Аталмыш жарыста Қазақстан құрамасы Қытай командасынан ойсырай ұтылып, жартылай финалдан тыс қалды. Қорытынды есеп 0:3 (16:25, 32:34, 23:25).
Айта кететін жайт, Қытай құрамасынан бөлек Жапония, Оңтүстік Корея және Таиланд командалары жартылай финалға жолдама алды.
Қазақстан құрамасы 5-8 орын үшін тартысқа түспек. 16 тамызда жерлестеріміз Вьетнаммен күш сынасады.
Волейболдан Азия чемпионаты -2017. Әйелдер. Ширек финал. Филиппин. 15 тамыз күнгі нәтижелер.
Қазақстан – Қытай – 0:3 (16:25, 32:34, 23:25)
Оңтүстік Корея – Қытайлық Тайпей – 3:0 (25:20, 25:11, 28:26)
Жапония – Вьетнам – 3:0 (25:22, 25:21, 25:16)
Таиланд – Филиппин – 3:0 (25:21, 25:14, 25:20)