Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Филиппинде өтіп жатқан Азия чемпионатының топтық кезеңінде бақ сынауда.

Жарыстың алғашқы матчында жерлестеріміз Вьетнам командасынан басым түсті - 3:1 (21:25, 25:23, 25:22, 25:20).

Енді ертең отандастарымыз Оңтүстік Корея құрамасымен күш сынасады.