Волейболшы қыздарымыз Вьетнамнан айласын асырды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызВолейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Филиппинде өтіп жатқан Азия чемпионатының топтық кезеңінде бақ сынауда.
Жарыстың алғашқы матчында жерлестеріміз Вьетнам командасынан басым түсті - 3:1 (21:25, 25:23, 25:22, 25:20).
Енді ертең отандастарымыз Оңтүстік Корея құрамасымен күш сынасады.