Ресейлік теннисші Мария Шарапова Пекинде өтетін «Премьер» турниріне қатысатын болды.

Жарыс қазанда өтеді. Естеріңізге салсақ, «Үлкен Дулыға» санатына жататын турнирлерде бес рет жеңіске жеткен Мария осы аптада Торонтодағы турнирге қатысудан бас тартқан болатын.