Бүгін футболдан Франция чемпионатының 1-ші тур ойындары өтеді.

Ел біріншілігінің басты фавориті ПСЖ өз алаңында Амьенді қабылдайды. Бүгінгі ойынға Неймар қатыса алмайтыны белгілі болды. Соған қарамастан париждік ұжым қазір бабында. Кавани мен Дракслер бастаған жігіттер былтыр кеткен есені биыл қайтармақшы. Амьен болса керісінше басты аутсайдерлердің қатарында. Бұл ойында ПСЖ басым жеңіске жетуі тиіс.

Кезінде Еуропаны шулатқан Лион бірқатар жетекші ойыншыларынан айырылды. Алайда соған қарамастан Бруно Женезьоның командасы 2-ші лигадан көтерілген Страсбурды тоқтатуы керек.

Бүгінгі экспресс:

ПСЖ - Амьен: ПСЖ жеңіске жетеді және матч тоталы (4,5) кем - 1.6 кэф

Лион - Страсбур: Лион жеңіске жетеді - 1.4 кэф

Жалпы - 2.2 кэф