Миландық «Интер» мюнхендік «Баварияның» жартылай қорғаушысы Артуро Видальді сатып алмақ.

Италиялық клуб чилилік футболшымен жеке келісімшартын келісіп қойған. Келісімшартқа сәйкес 30-жастағы футболшы жылына 7,5 миллион еуро табыс табады.

«Интер» Видаль үшін 50 миллион еуроға шығындалуға әзір. Алайда «Бавария» жартылай қорғаушысы сатудан бас тартуда.