Италиялық «Милан» футбол клубының бас директоры Марко Фассоне командаға жаңа шабуылшы іздеп жатқанын мәлімдеді.

– Жаңа шабуылшыны іздестіру үстіндеміз. «Милан» трансферлік уақыттың қалған бөлігінде қателікке жол бермеу үшін, әр ісін байыппен істеуде.

«Милан» әзірге 6-7 футболшымен байланыс орнатып жатыр. Ибрагимович пен Фалькао? Мүмкін, олар да біздің қатарға қосылып қалар, - дейдіФассоне Sky Sport Italia басылымына берген сұхбатында.