Елордалық «Астана» футбол клубының Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңіндегі қарсыласы анықталды.

Станимир Стойловтың командасы плей-офф кезеңінде шотландиялық «Селтикпен» күш сынасады.

Айта кетейік, өткен маусымда Чемпиондар Лигасының үшінші кезеңінде қос ұжымның жолдары түйіскен. Қос ойын нәтижесі бойынша шотландиялық команда 3:2 есебімен келесі кезеңге өтті.