Қазақстанда допинг қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы заң жобасы дайындалып жатыр. Заң жобасы бойынша допинг қолданған спортшы ұлттық құрама сапынан шеттетіледі. Сонымен бірге ол Үкімет тарапынан берілген барлық сыйақы, пәтер мен төлемдерді қайтару керек болады.

«Әлемдік аренада жоғары спорттық жетістіктерге жету үшін Қазақстан Республикасының допинг туралы заңына допинг қолданғаны үшін қатаңдатылған қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартатындай етіп, өзгеріс енгізу қажет. Бірінші кезекте халықаралық допингке қарсы нормаларға сай болу үшн тыйым салынған дәрмектер мен бөлінетін субсидиялар үшін жауапкершілікті арттыру қажет», – дейді Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев.