Тамыздың 6-і күні Алматылық Ипподромда Қазақстандық ДЕРБИ өтеді.

Жетінші ат жарысының аясында осы маусымның сегізінші бәйгесі мен Жорға жарысы өтпек:

1. Ерекше жүлде, 2 жасар жылқыларға арналған (1000 м)

2. Фаворит жүлдесі, 2 жасар жылқыларға арналған (1600 м)

3. Алматинская Миля жүлдесі, 3 жасар және жоғары жылқыларға арналған (1600 м)

4. Падиши Ханшаим жүлдесі, 3 жасар биелерге арналған (2000 м)

5. Алматы қаласының жүлдесі, 3 жасар жылқыларға арналған (2400 м)

6. Паскуччи жүлдесі, 4 жасар және жоғары жылқыларға арналған (2400 м)

7. Қазақстандық ДЕРБИ, 3 жасар жылқыларға арналған (2400 м)

8. Алматы қаласы әкімдігінің жүлдесі, 4 жасар және жоғары жылқыларға арналған (3200 м)

9. Алматылық ипподром жүлдесі, 4 жасар және жоғары жылқыларға арналған (2000 м)

10. Жорға Жарыс(7000 м)

Бұл ат жарысынан ДЕРБИ-ді ерекше атап өтуге болады. 1780 жылы лорд Дербидің құрметіне қалыптасқан бұл бәйге жыл сайын өткізіліп, осы атауын сақтап, дәстүрге айналды. Бәйге қашықтығы алғашқыда 1,5 миля болған, ал кейіннен еселенді. Қазіргі таңда, ДЕРБИ сөзі жалпыланып, мағыналы ұғымға айналып үлгерді. Бұл осы маусымның ең басты бәйгелерінің бірі.