UFC басшысы Дана Уайт осы ұйымның бұрынғы чемпионы Ронда Роузидің енді мансабын жалғастырмайтынын айтты.

«Адамдар оның мансабын аяқтағанын түсінетін шығар. Енді ол өмірінің келесі кезеңіне өтеді – тұрмысқа шығып, балалы болады, солай өмірі жалғаса бермек. Оның қалауы осы.

Ол тамаша спортшы және жеңілгенді жақсы көрмейді. Сол үшін оны көп адам сынаған. Бірақ осы қасиеті оған барлық қиындықтан өтуге көмектесті», - деді Уайт.

Айта кетейік, Роузи соңғы жекпе-жегінде Аманда Нуньестен жеңіліп қалған болатын.