Ертең УЕФА-ның Ньон қаласындағы штаб пәтерінде Астана уақытымен 16:00-де Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінің жеребесі тартылады.

Дәл осы жеребе қортындысында елордалық «Астана» клубының қарсыласы белгілі болады. Біздің командаға «Олимпиакос», «Селтик», «Копенгаген», АПОЭЛ немесе «Марибор» клубтарының бірі қарсылас атанады. Жеребе тарту рәсімін қазақстандық жанкүйерлер Kazsport арнасынан тікелей эфирдекөре алады.

Естеріңізге салсақ, елордалық «Астана» Чемпиондар лигасының үшінші әрәктеу кезеңінде Польша елінің «Легия» командасын қос ойын қортындысында 3-2 есебімен жеңіп, плей-офф кезеңіне жолдама алған болатын.