Голландиялық жанкүйерлер Чемпиондар лигасында «Ниццаға» қарсы ойында Абдельхак Нуриге арнап керемет перфоманс ұйымдастырды.

Естеріңізге сала кетсек, 8 шілде күні Нури немістің «Вердер» клубына қарсы өткізген жолдастық кездесуде есінен танып қалған болатын. Дәрігерлер оған алаң үстінде алғашқы көмек көрсетті. Артынша футболшыны ауруханаға жеткізіп, ол жасанды кома жағдайына түсті. Есінен танып қалуына жүрек аритмиясы себеп болды.

Қазіргі уақытта 20 жастағы футболшының миының басым бөлігі жұмыс істемейді. Оның сауығып кетуіне еш мүмкіндік жоқ.