Финляндия төрінде күрес түрлерінен жастар арасында әлем чемпионаты өтуде.

Бүгін еркін күрес шеберлері үшін жарыс аяқталды. Еліміздің атынан сегіз балуан сынға түскен еді. Алайда, басым көпшілігі бірінші белдесуден ұтылып, бірде-бір балуанымыз жарыстың жүлделі орынынан көріне алмады.

Естеріңізге салайық, жалпы жастар арасындағы әлем чемпионатының тарихында қола, күміс медаль еншілегеніміз бар.

Айта кетейік, енді жарыс жолына әйелдер мен грек-рим күрес шеберлері шығады.