Бразилиялық шабуылшы жақын күндері франциялық ПСЖ-мен келісімшартқа отырады.

Бүгін Неймар каталондық клубтың жаттығуына қатыспаған болатын.

«Барселонаның» ресми сайты бразилиялық шабуылшының клубтан кеткісі келетінін айтып, оны кем дегенде 222 млн еуроға сататынын мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетсек, бірқатар шетелдік басылымдар Неймардың ПСЖ-мен келісімге келгенін хабарлады.