Маусымның 2-6 күндері аралығында футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы Талғарда оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Оқу-жаттығу жиынында Қазақстан U21 құрамасы «Қайрат А» командасымен жолдастық матч өткізеді.
Аға жаттықтырушы Владимир Никитенко жиынға келесі футболшыларды шақырды:
Қақпашылар: Тимурбек Закиров («Қызыл-Жар СК»), Игорь Трофимец («Ақтөбе»);
Қорғаушылар: Қуаныш Қалмұратов, Дәурен Мәжитов (екеуі де - «Атырау»), Айбол Жахаев («Қайсар»), Бекзат Шадманов («Тараз»), Сағадат Тұрсынбай («Ордабасы»), Айбол Әбікен («Қайрат»), Сұлтан Әбілғазы («Оқжетпес»), Руслан Әлімбаев («Шахтер»);
Жартылай қорғаушылар: Максим Федин («Оқжетпес»), Бактиер Зайнутдинов («Тараз»), Геворг Наджарян («Шахтер»), Александр Соколенко, Рашид Люхай, Ескендір Қыбырай (барлығы - «Қайрат»), Юрий Перцух («Акжайык»), Демият Сламбеков («Жетісу»), Артем Попов («Ертіс»);
Шабуылшылар: Дидар Жалмұқан («Тобыл»), Оралхан Өміртаев («Шахтер»), Еркебұлан Сейдахмет («Тараз»), Самат Сәрсенов («Қайрат»);
ҚФФ баспасөз қызметі