Астанадағы «Қазанат» атшабарында көкпардан І Әлем чемпионатында ойнайтын командалар өз қарсыластарын анықтады. Бұл туралы ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлады.

Әлем чемпионатын өткізу шарты бойынша 12 команда өкілдері бір ай бұрын Астанаға арнайы келіп, жеребе тарту рәсіміне қатысты.

Жеребе нәтижесі.

«А» тобы:

№-1 - Қырғызстан көкпар командасы

№-2 - Өзбекстан көкпар командасы

№-3 - Түркия көкпар командасы

№-4 - АҚШ көкпар командасы

№-5 - Тәжікстан көкпар командасы

№-6 - Моңғолия көкпар командасы

«Б» тобы:

№-7 - Қазақстан көкпар командасы

№-8 - Әзербайжан көкпар командасы

№-9 - Ресей көкпар командасы

№-10 - Венгрия көкпар командасы

№-11 - Қытай көкпар командасы

№-12 - Ауғанстан көкпар командасы

Сонымен, 20-28 тамыз айында дәл осы «Қазанат» атшабарында туын көтеретін І Әлем чемпионатында 12 көкпар командасы төмендегі кесте бойынша бақ сынайтын болады. Бір күнде алты кездесу тамашаланады.

21 тамыз күні :

1. Қырғызстан - Моңғолия командалары

2. Қазақстан - Ауғанстан командалары

3. Өзбекстан - Тәжікстан командалары

4. Әзербайжан - Қытай командалары

5. Түркия - АҚШ командалары

6. Ресей - Венгрия командалары

22 тамыз күні:

1. Моңғолия - АҚШ командалары

2. Тәжікстан - Түркия командалары

3. Қырғызстан - Өзбекстан командалары

4. Ауғанстан - Венгрия командалары

5. Қытай - Ресей командалары

6. Қазақстан - Әзербайжан командалары

23 тамыз күні:

1. Өзбекстан - Моңғолия командалары

2. Түркия - Қырғызстан командалары

3. АҚШ - Тәжікстан командалары

4. Әзербайжан - Ауғанстан командалары

5. Қазақстан - Ресей командалары

6. Венгрия - Қытай командалары

24 тамыз күні:

1. Түркия - Моңғолия командалары

2. АҚШ - Өзбекстан командалары

3. Тәжікстан - Қырғызстан командалары

4. Ресей - Ауғанстан командалары

5. Венгрия - Әзербайжан командалары

6. Қытай - Қазақстан командалары

25 тамыз күні:

1. Моңғолия - Тәжікстан командалары

2. Өзбекстан - Түркия командалары

3. АҚШ - Қырғызстан командалары

4. Ауғанстан - Қытай командалары

5. Әзербайжан - Ресей командалары

6. Венгрия - Қазақстан командалары

Аталған кездесулерден соң жеңіске жеткен командалар ширек, ақтық ойындарға іріктеліп шығады.