Қарағанды облысының жеңіл атлеті Мария Овчинникова үш қарғып секіруден 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем рейтингте бірінші орында тұр.

Мария – 1998 жылы Қарағанды облысының Теміртау қаласында дүниеге келген. Спортшы маусым айында Ғұсман Қосанов мемориалында 13,94 метрге секіріп, өзінің спорттық карьерасындағы әзірге ең үздік нәтижесін көрсетті. Осы көрсеткішінің арқасында ол 20 жасқа дейінгі атлет арасында бірінші орында келеді. Бұған дейін Овчинникованың жеке рекорды – 13,67 метр болатын.

Биылғы жылы жерлесіміздің рекордын тек Беларусь қызы Виолетта Скворцова ғана қайталады. Ол 21 шілде күні Италиядағы турнирлердің бірінде 13,94 метрге секірді.

Алғашқы бестікке сондай-ақ Давислейди Веласко (Куба) – 13.72, Илионис Гуйаллуме (Франция) – 13.65 және 13,64 метрге секірген Наоми Огбита (Великобретания), Квуджиао Тан (Қытай),Александра Найчева (Болгария) секілді үш спортшы еніп отыр.

Овчинникова Үндістанның Бхубанешвар қаласында өткен Азия чемпионатында 13,72 метрге секіріп, чемпион атанды. Енді Лондондағы йлем біріншілігіне қатысады. Жас спортшының болашағынан мамандар үлкен үміт күтеді. Сондықтан бұл нәтиже сол жоғары жетістердің бастауы болады деп сенеміз.