Бүгін «Халық Арена» мұзайдынында World Class Almaty бас директоры, пауэрлифтингтен Азия, Әлем және Еуропа чемпионы Валихан Тенмен шеберлік сабағы өтті.

100-ге жуық қатысушы әйгілі спортшымен кездесуге мүмкіндік алды. Шеберлік сағаттың бірінші жартысында Валихан Тен дұрыс тамақтану, күн тәртібі туралы әңгіме қозғап, сондай-ақ, жарақатты алдын алу үшін негізгі әдімтерімен бөлісті. Сонымен қатар, салауатты өмір салтын ұстану үшін спортшы өзін қалай ынталандыра алады деген сұрақтарға тоқталып, тек жарыс алдында ғана емес, әрқашан жаттығу керектігін де айта кетті.