Қазақстандық спортшы Ислам Бадургов UFC файтері Конор МакГрегор болып жасанып, Лос-Анджелес тұрғындарын алдап соқты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ислам Бадурговтың командасы ұйымдастырған пранк Конор МакГрегор мен Флойд Мейвезердің алдағы жекпе-жегіне орай түсіріліпті. Қазақстандық бетіне грим жасап, уақытша татуировка салып, шаш үлгісін өзгерткен.