Қазақстандағы АҚШ-тың елшілігі қызықты видеоны жариялады.

Видеода америкалық «ковбойдың» көкпар ойынына дайындығы көрсетілген. Шабандоз арнайы жасалған «аттың» үстінде ауыр қапты ары-бері көтеріп, жаттығып жатыр.

Еліміздегі АҚШ-тың елшісі Джордж Кролдың айтуынша америкалық «ковбойлар» мен біздің жігіттердің арасындағы көкпар ойыны тамыз айында Астанада өтпек.