Америкалықтардың құпиясы әшкереленді. Ковбойлар көкпар ойнайды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстандағы АҚШ-тың елшілігі қызықты видеоны жариялады.
Видеода америкалық «ковбойдың» көкпар ойынына дайындығы көрсетілген. Шабандоз арнайы жасалған «аттың» үстінде ауыр қапты ары-бері көтеріп, жаттығып жатыр.
Еліміздегі АҚШ-тың елшісі Джордж Кролдың айтуынша америкалық «ковбойлар» мен біздің жігіттердің арасындағы көкпар ойыны тамыз айында Астанада өтпек.