4 тамыздың жұлдызында Детроит қаласында қазақстандық кәсіпқой боксшы Бахтияр Эюбов келесі жекпе-жегін өткізеді.
Сол күні Эюбов жеңіліс көрмеген америкалық боксшы Сонни Фредриксонмен (17-0, 11 КО) күш сынасады.10 раундтық кездесу бірінші жартылай орта салмақта өткізіледі.
Бокс кешінің басты кездесуде Кларесса Шилдс (АҚШ) пен Никки Адлер (Германия) WBC және IBF әлем чемпионның белбеуіне таласады.
Естеріңізге сала кетейік, Бахтияр Эюбов кәсіпқой бокста 13 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.