Америкалық боксшы Вилли Монро 16-шы қыркүйек күні өтетін Альварес - Головкин кездесуі туралы айтып берді.

- Меніңше, бұл жекпе-жекте Альварес ұтады. Себебі ол Головкиннен қарағанда жылдамырақ. Геннадий орта қашықтықта жақсы жұдырықтасады, ал Сауль шапшаң қимылдайтын боксшылармен ғана қиналады. Есесіне, «Трипл Джи» агрессивті мәнерде төбелеседі, яғни бұл Канело үшін тиімді. Менің болжамым - Альварес Головкинді 9-шы раундта тоқтатады, - деді Монро.

Естеріңізге сала кетсек, Головкин осыдан екі жыл бұрын Вилли Монроны техникалық нокаутпен жеңген болатын.