Үндістанда өткен Азия чемпионатында үш қарғып секіруден жеңіске жеткен 18 жастағы қарағандылық Мария Овчинникова әлем чемпионатында күш сынайды.

Мария Овчинникова Азия чемпионатында үш қарғып секіруден 13,72 сантиметр ұзындыққа секіріп, құрлық чемпионы атанған болатын. Бұл жетістіктің арқасында жас спортшы Лондонда өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.

Айта кетейік, Лондондағы әлем чемпионатына Олимпиада ойындарының жеңімпазы Ольга Рыпакова да қатысады.