ҚР Жеңіл атлетика федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков пен ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жеңіл атлетикадан Үндістанда өткен Азия чемпионатының жеңімпаздарын марапаттады.

Жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты 6-9 шілде аралығында Үндістанның Бхубанешвар қаласында өткен болатын. Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте Үндістан мен Қытайдан кейінгі үшінші орынға ие болды.

«Еліміздің намысын халықаралық аренада абыроймен қорғаған барлық спортшыларға федерация басшылығының атынан алғыс білдіремін. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауы арқасында спортшыларымыз биік белестерді бағындырып келеді. Енді тамызда Лондонда Әлем чемпионаты өтеді. Дүниежүзінің мықтылары бас қосатын жарыста өнер көрсететін атлеттерге сәттілік тілеймін. Бұл марапатымыздың соңы болмас деген үміттемін», - деді Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков.

Азия чемпионатынан биылғы маусымда қазақстандық атлеттер жалпы саны 9 медаль жеңіп алды. Топ жарған спортшыларға ақшалай сыйақы табысталды