«Қазанат» атшабарында Атырау облысының мәдени күндері аясында «Бәйге» түрлері бойынша республикалық жарыс өтеді.

Шараның ұйымдастырушылары: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Атырау облысының әкімдігі, ҚР «Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы».

Шабандоздар 5-шақырымдық жорға жарыс, 7-шақырымдық құнан бәйге, 21- шақырымдық аламан бәйге бойынша сынға түседі. Жарысқа еліміздің 14 облысы мен Астана және Алматы қалаларынан спортшылар қатысады. Аламан, құнан бәйге және жорға жарысқа облыстар мен Астана, Алматы қалаларынан әр қашықтыққа 3 аттан қатыстырылады. Атырау облысынан 5 аттан қатыстырылады. Жарыстың жүлде қоры – 51 млн 700 мың теңге. Сома жүлдегерлер арасында 1-5-ші орынға дейін бөлініп беріледі. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді салтанатты марапаттау жарыс аяқталған соң жүргізіледі.

Жорға жарыс (5 шақырым)

1 орын – 3 млн.тг

2 орын – 1,5 млн.тг

3 орын – 1 млн.тг

4 орын – 700 мың.тг

5 орын – 500 мың.тг

Құнан бәйге (7 шақырым)

1 орын – 7млн.тг

2 орын – 4 млн.тг

3 орын – 2,5 млн.тг

4 орын – 1 млн. тг

5 орын – 500 мың.тг

Бәйге (21 шақырым)

1 орын – 13 млн.тг

2 орын – 7 млн.тг

3 орын – 5 млн.тг

4 орын – 3 млн.тг

5 орын – 2 млн.тг

Анықтама үшін: Бәйге – көптеген түркі-тілдес халықтардың ежелден келе жатқан спорт түрі. Бәйге бұл – жазық жерлерде орта және ұзын қашықтықта өтетін жарыс. Бәйгеде шабандоздың тактикалық шеберлігі мен аттың жарысқа дайындығы аса маңызды саналады.