Бүгін Алматыда, «Нұртау» гольф-клубында осы спорт түрінен 6-13 жастар аралығындағы балалар арасында ашық академия кубогының бірінші кезеңі өтті.

Жарысқа барлық жеткіншектер бақ сынасуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, арнайы бағдарламамен тегін гольфпен шұғылданатын 80 ұл мен қыз да жарысқа қатысты. Олар 10 жасқа дейін және 10 жастан кейін болып екі топқа бөліп, жарыс жолына шықты.Балалар үйренген әдістерін іс жүзінде көрсетіп, ал кәсіпқой спортшылар шеберліктерін көрсетті. Олар шамамен 2 км қашықтықты жүріп өтті.

Сонымен қатар, ол тамыздың 20-ы күні осы клубта ауқымды турнирлердің бірі – балалар арасында осы спорт түрінен Қазақстан чемпионаты «Junior Kazakhstan open» өтетінін де айта кетті. Бүгінгі қатысушылар өз нәтижелерімен қуанышты екенін де жеткізді. Олардың айтуынша, балалар әрімен қарай жаттығып, гольф ойнайтын болады.

Осы кезеңнің нәтижелері бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдермен марапатталды. Иманали Рамазанов 1, Джозеф Бербнер 2, Яна Лим 3 (9 шұңқыр), Мансұр Тұрсынов 1, Умида Асқарова 2, Санжар Мажибаев 3 (3 шұңғыр), Нұрдаулет Сардарбаев 1, Серғазы Сабыров 2, Андрей Кладов 3 (10 + тест) және Рамазан Тұрсынов 1, Анастасия Щербакова 2, Жалгас Молдабаев 3 (10 жасқа дейін) өз топтарының үздіктері екенін дәлелдеді.

Естерңізге сала кетсек, «Нұртау» гольф-клубының кәсіпқой бапкерлері 6-13 жастар аралығындағы балалар арасында тегін шеберлік сабақтарын күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін өткізеді. Әр жеткіншек өзіне ыңғайлы уақытты таңдап, аптасына екі мәрте гольфпен шұғылдануға мүмкіндіктері бар. Бірінші топтың жаттығулары таңғы 8:45-те басталса, қалған топтар кестеде көрсетілген уақыт бойынша: 10:00, 14:30, 15:45 и 17:00 өтеді.Келесі балалар арасындағы жарыстар тамыздың 10-ы күні «Жайлау» гольф-клубында өтетін болады.