Бішкекте дзюдодан жастар арасында Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Азия құрлығынан 17 елден 177 спортшы қатысқан біріншілікте ел намысын 20 дзюдошы қорғады. Екі күнге созылған чемпионатты Қазақстан жастар құрамасы 9 медальмен 3-орынмен ақтады.

ЧЕМПИОНДАР: Бауыржан Нарбаев (55 кг)Перизат Қадірбекова (70 кгКамила Берлікаш (+78 кг)

КҮМІСАбдулла Еркебұлан (+100 кг)ҚОЛА: Адия Сайын (44 кг)Ғалия Тынбаева (48 кг)Нұржамал Жарманова (52 кг)Аида Карчаева (57 кг)Назерке Тілеуханова (-78 кг)