«Тур де Франс» көпкүндігінің 13-кезеңі аяқталды.

13-кезеңде мәре сызығын бірінші болып «Sunweb» командасының велошабандозы Уоррен Баргиль кесті. Екінші орын «Movistar» өкілі Найро Кинтанаға тиесілі. Үздік үштіктен «Trek — Segafredo» командасынан Альберто Контадор көрінді.

Қазақстандық «Астана» командасының капитаны бұл кезеңде тоғызыншы нәтиже көрсетті. Дегенмен бұл көрсеткіші оған жалпы есептегі бірінші орнын сақтап қалуға жеткілікті болды.

«Тур де Франс», 13-кезеңСен-Жирон — Фуа. Франция, 101 шақырым

1. Уоррен Баргиль (Франция, «Sunweb») — 2:36:29

2. Найро Кинтана (Колумбия, «Movistar»)

3. Альберто Контадор (Испания, «Trek — Segafredo»)

9. Фабио Ару (Италия, «Астана») — +1:39.

Жалпы есеп:

1. Фабио Ару (Италия, «Астана») — 55:30:06

2. Кристофер Фрум (Ұлыбритания, «Sky») — +0:06

3. Ромен Барде (Франция, «AG2R La Mondiale») — +0:25.