Шілденің 16-ы күні, «Спорттық Алматы» жобасы аясында кезекті велошеру өтеді.Әдеттегідей, әуесқойлар таңғы сағат 8:30-да «Нұрлы Тау» бизнес орталығының маңына жиналып, ұйымдастырушылардан нөмерлер алып, сол арқылы олар мәреде ойнатылатын лотореяға қатысып, бағалы сыйлықтардың иегерлері атануға мүмкіндіктері бар. Осы жолғы велошеру Әл-Фараби даңғылынан басталып Ғылым академиясы маңында аяқталады. Қатысушылар жалпы 10шақырымдық қашықтықты бағындырады. Мәреде велошабандоздар арасында бағалы сыйлықтар мен велосипед ойнатылатын болады.

Сонымен қатар, Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы қатысушыларға арнайы бас киімсіз (шлемсіз) қатысуға тыйым салынатындығың ескертеді.

Aйта кетер жайт, осы велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының қолдауымен 2017-ші жылы жоспарланған 21 велошерудің он екіншісі болмақ.