Қазақстандық «Ертіс» клубы Еуропа Лигасының үшінші кезеңіне өтсе, прагалық «Спартамен» күш сынасады.

Айта кетейік, Еуропа Лигасының екінші айналымында Димитар Дмитровтың шәкірттеріне сербиялық «Црвена Звезда» қарсылас атанған. Алғашқы ойында 1:1 есебі тіркелсе, қарымда кездесу 20-шы шілде күні Белградта өтеді.