«Астана» Чемпиондар Лигасының үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алса «Мариехамн» - «Легия» кездесуінің жеңімпазымен жолы түйіседі.

Польшалық ұжым алғашқы ойында 3:0 есебімен жеңіске жеткен. Ал елордалық «Астана» түзде латвиялық «Спартактан» бір доп айырмасымен басым түсті. Қарымта ойын 18-ші шілде күні Астанада өтеді.