«Қайраттың» жартылай қорғаушысы Андрей Аршавин Еуропа лигасының іріктеу кезеңіндегі «Скендербеуге» қарсы матч туралы айтып берді.

- Өте тартысты ойын болды. «Скендербеу» бізден қарағанда жақсы ойнады. Олар қолайлы нәтижеге қол жеткізді.

- «Қайраттың» ойыны жүрмеді. Неліктен?

- Бірінші таймда өте нашар қимылдадық. Үзілістен кейін тәуір ойнай бастадық. Бірақ соған қарамастан қонақтар допты көп ұстады. Екінші гол соғатын мүмкіндіктеріміз болған, бірақ бұны пайдалана алмадық.

- Албаниялықтар сізді таң қалдырды ма?

- Иә. Өте мықты команда екен. Жақсы ойын көрсетті.

- Келесі кезеңге шығу үшін «Қайратқа» не істеу қажет?

- Не істеу керек екенін білмеймін. Бірақ бірдеңе өзгерту қажет. Қорғаныста мұқият ойнап, шабуылдағы мүмкіндіктерімізді пайдалануымыз керек.