Бүгін Алматы қаласында Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясы, Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті, ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының ұйымдастыруымен жаңадан ашылған Еркін күрес Академиясының таныстырылу рәсімі өтті.

Іс-шараға ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының төрешілер корпусы және бапкерлер штабының жұмысы жөніндегі вице-президенті Ерлан Сәдуақасұлы Қожасбай, еркін күрестен Қазақстан құрамасының бас бапкері Әсет Серікбаев, еркін күрестен Қазақстан құрамасының жаттықтырушы-кеңесшісі, Олимпиада чемпионы, бес дүркін әлем біріншілігінің жеңімпазы Хаджымұрат Гацалов және ұлттық құраманың балуандары қатысты.