Алматыда атақты палуан Вячеслав Олейник шеберлік сабағын өткізеді
Шілденің 13-і күні сағат 10:00-де «Достық» спорт кешенінде атақты палуан шеберлік сабағы өтеді.
Жас спортшылар Украинаның еңбегі сіңген спорт шебері, грек-рим күресінен 1996 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Вячеслав Олейникпен кездесуге мүмкіндік алады.
Айта кететін жайт, мұндай шеберлік сабақтар жиі өтіп тұрады. Осындай мүмкіндікті пайдаланып жеткіншектер еліміздің белді палуандарымен, оның ішінде Олимпиада жүлдегерлері, әлем, Азия және Еуропа біріншіліктерінің және көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпаздарымен шеберліктерін шыңдайды.
Естеріңізге сала кетсек, «№ 15 Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» 21 жасқа дейін барлық жеткіншектерді күрестің үш түрлерімен тегін өтетін сабақтарға шақырады. Жаттығулар ең үздік күрес бапкерлерінің басшылығымен өтеді. Олар тәжірибиелі, спортшылардың бірнеше ұрпағын тәрбиелеген.
Алматы қаласы мен қала аймақтарының жастары, сіздерге өздеріңізді жаңа қырлардан танытатын, күрестен жасырын таланттарыңызды көрсететін, олимпиадалық спорттың жекпе-жек түрлерінен жетістіктерге қол жеткізіп, елімізді танытатын керемет мүмкіндік туып отыр!
Комментарии