Барселонаға барып тұрып «Камп Ноуды» көрмеу күнәмен пара-пар. Алматыға сырттан келген адамдар Көк төбеге асығады ғой, сол сияқты. Бірақ каталониялықтар үшін «Камп Ноудың» орны бөлек. Өйткені Барселона футболмен тыныстайды.

Prosports.kz тілшісі «Камп Ноуға» барғанда футбол маусымы аяқталып қойған. Матчтар тамыз айынан мамырға дейін жалғасады. Дегенмен бұл музейді көріп стадионға кіруге кедергі емес. Онлайн сатылымдағы билет таңғажайып футбол әлемінің есігін ашады.

«Ола» деп күлімдеп күтіп алатын сылқым қыздар QR кодымен қол белгісін тағып берген соң жол көрсетеді.