Қазақстан Премьер-Лигасы аясында «Ақтөбе» өз алаңында көкшелік «Оқжетпесті» тас-талқан етті.

Ойынның алғашқы бөлігінде командаға жаңадан қосылған Душан Савич дубль авторы атанса, кездесу аяқталуға санаулы минуттар қалғанда Бауыржан Байтана есепті еселеді.

«Ақтөбе» - «Оқжетпес» 3:0 (2:0)

Голдар: 14', 38' Савич, 90' Байтана

«Ақтөбе»: Сидельников (қ), Жуниньо, Муарем, Савич, Нейн, Саулет, Айтбаев, Зенькович, Қайыров, Жұмағали, Валиуллин

«Оқжетпес»: Стаменкович (қ), Козлов, Огунжими, Фрейдгеймас, Федин, Юрин, Досмағамбетов, Марочкин, Адырбеков, Волков, Абдулин