«Ордабасының» қақпашысы Алмат Бекбаев Prosports.Kz тілшісіне берген сұхбатында «Широки Бриегпен» өткен қарымта матч туралы айтып берді.

- Босниядағы ойынмен салыстырғанда жиі шабуылдадық. Жалпы жақсы ойнадық деп ойлаймын. Өкінштісі - гол соға алмадық. Бұл тұрғыда әлі де көп еңбек ету керек.

- Таңат Нөсербаев ойынға қатыспады. Неліктен?

- Таңаттың кішігірім жарақаты болды. Ол біздің көшбасшы ойыншымыз. Әрине, бүгінгі ойында Нөсербаев жетіспеді.

- Бірінші кездесумен салыстырғанда қандай айырмашылықтар болды?

- Боснияға жол ұзақ болды. Бұған қоса, әуежайда екі рет тексерістен өтуге мәжүр болдық. Біз үшін бұл өте ауыр сапар болды.

Естеріңізге сала кетсек, босниялық команда екі ойынның қорытындысы бойынша (2:0) Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңіне өтті.