«Ертісің» жартылай қорғаушысы Нұрбол Жұмасқалиев жақын арада «Тобылға» қайта оралуы мүмкін. Бұл туралы қазақстандық БАҚ өкілдері хабарлады. Бірақ 36 жастағы ойыншы қостанайлық клубқа футболшы ретінде емес, спорт директоры ретінде келеді. Айта кетейік, осы маусымда ҚПЛ-да Нұрбол Жұмасқалиев «Ертіс» сапында 7 матчқа қатысты.