«Борнмут» клубының баспасөз қызметі команда қатарын Англия құрамасының шабуылшысы Джермейн Дефо толықтырғандығын хабарлады.

34 жасар шабуылшы «Борнмут» клубына еркін агент ретінде ауысты. Жаңа командамен Дефо үш жылдық келісім жасасты.