Еуропа Лигасының алғашқы іріктеу кезеңі аясында өтіп жатқан «Қайрат» пен литвалық «Атлантас» командалары арасындағы матчта алаң иелері екінші голды соқты.

Ойынның 20-шы минутында «Қайрат» шабуылшысы Жерар Гоу гол соғып, командасын есепте алға шығарды. Арада бес минут өткенде Андрей Аршавин пенальтиден есепті еселеді. Әзірге есеп 2:0 алаң иелерінің пайдасына.