Шілденің 2-і Астана күніне және «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған «Нұрсұлтан шыңы-2017» альпиниадасы өтеді.

Альпиниаданың бағыты – аспалы жол арқылы Шымбұлақтан Талғар асуына дейін, одан әрі Комсомол өткелінен Нұрсұлтан шыңына жалғасады. Айтулы додаға 16 жастан жоғары барлық қатысушылар қатыса алады. 12 жастан 16 жасқа дейінгі жеткіншектерге ата-анасының келуімен ғана рұқсат етіледі.

Айта кетер жайт, спорттық шара Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Алматы қаласы альпинизм федерациясының қолдауымен ұйымдастырылады.