Шілденің 2-і Астана күніне және «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған «Нұрсұлтан шыңы-2017» альпиниадасы өтеді.

Альпиниаданың бағыты – аспалы жол арқылы Шымбұлақтан Талғар асуына дейін, одан әрі Комсомол өткелінен Нұрсұлтан шыңына жалғасады. Айтулы додаға 16 жастан жоғары барлық қатысушылар қатыса алады. 12 жастан 16 жасқа дейінгі жеткіншектерге ата-анасының келуімен ғана рұқсат етіледі.

Айта кетер жайт, спорттық шара Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Алматы қаласы альпинизм федерациясының қолдауымен ұйымдастырылады.

Альпиниада бағдарламасы:

05.00 – қатысушылар мына бағыт бойынша бастайды: Медеу (1600 м) – Шымбұлақ (2380м) – Талғар асуы (3200м) –Богданович мұзарты – Комсомол өткелі (4000м) –Нұрсұлтан шыңы (4367м)

Медеуден Шымбұлаққа дейін гондольді жол Альпинианада қатысушылары үшін тегін.

05.00- 09.30 Медеуден Талғар асуына дейін көтерілу

14.00-20.00 Талғар асуынан Медеуге дейін төмен түсу

12.30 –Комсомол өткелінің жабылуы

14.00 – Нұрсұлтан шыңының жабылуы

Қосымша ақпарат: 8 775 527 4387