«Монаконың» жартылай қорғаушысы Томас Лемар мансабын Англияда жалғастыруы мүмкін.

Goal басылымының мәліметтеріне сүйенсек, «Арсенал» франциялық футболшының трансфері үшін 30 млн еуро ұсынды.

Қазіргі таңда, екі жақ келіссөздер жүргізуде. Лемардың өзі лондондық командаға ауысқыс келетінін айтты.