«Патшалық клуб» президенті Флорентино Перес Роналду үшін спорт мансабындағы соңғы команда «Реал» болып қала беретінін жеткізді.

«Криштиану келісімшарты 2020 жылға дейін ұзартылды және ол командада қалатынына сенімдімін, мен өз футболшыларыма көңілім толады», - деді Перес Marca-ға берген сұхбатында.

Еске сала кетсек, 32 жастағы футболшының салық төлемегені үшін клубтан кететіні туралы ақпарат "Реал" жанкүйерлерін қамықтырған болатын.