Еркін күрестен Қазақстан құрамасы Польшада кілемдегі жаттығуларын шыңдау жиынын өткізуде.

Кейін жерлестеріміз сол Польшада өтетін халықаралық жарыста күш сынайды. Айта кетейік, жарыс 6-7 шілдеде басталады. Құраманың кеңесшісі Майрбек Юсуповтың айтуынша, жарысқа құраманың бірінші және екінші нөмірлі балуандары қатысады.