«Ордабасы» қорғаушысы Талғат Адырбеков «Оқжетпес» командасына ауысты, деп хабарлайды шымкенттік команданың баспасөз қызметі.

28 жасар ойыншы көкшетаулық командада маусым соңына дейін жалда өткізеді.

Естеріңізге салсақ, бұдан ертеректе шымкенттік клубтан көкшетаулық командаға Әлібек Бөлешов, Ренат Абдулин және Гогита Гогуа ауысқан болатын.