«Барселонаның» аргентиналық шабуылшысы Лионель Мессидің қайырымдылық қоры сегіз жылда 10 миллион еуро табысты жасырған. Бұл жайлы ипаниялық ABC басылымы жариялады.

Месси атындағы қор 2007 жылы Барселонада құрылған. Оның мақсаты - жасөспірім балаларға көмектесу. Алайда тергеу жүргізген басылымның айтуынша, оның көмегімен аргентиналық футболшы демеушілік келісімшарттардан түскен табысты жасырған. Қор түрлі құйтырқы әрекеттерді қолданып Испания мен Аргентина салық органдарына өзінің табыс айналымы жайлы жалған ақпараттар ұсынған.

Ал танымал футболшының қоры басылымыға бұл мәселе жайында жауап беруден бас тартуда.

Естеріңізге салайық, бұған дейін футболшының бұдан бөлек қылмыстық іс бойынша соңғы үкім шыққан еді. Үкім бойынша Месси мемлекет қазынасына 252 мың еуро, ал оның әкесі - Хорхе Месси 180 мың еуро төлейтін болды.