Қазақстандық нокаутер Геннадий Головкин Бернард Хопкинстің болжамына жауап қатты.

Хопкинс өз сұхбатында Альварестің Головкинді сегізінші раундта ұтатынын айтқан еді.

«Болжам жасауға ерте деп ойлаймын. Біздің жекпе-жек туралы 17 қыркүйекте айтқан дұрыс сияқты. Golden Boy Давид Лемье екеуіміздің жекпе-жегін өткізген. Бірақ бұл бокс, сондықтан Хопкинс дұрыс айтуы да мүмкін», - деді Головкин.